Қазіргі таңда азық-түлік бағасының өсуіне байланысты 2025 жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерге орта есеппен 20 074 теңге мөлшеріндегі қаржы бюджеттік жобаға ұсынылды.

Ата-аналар хатпен толық танысып, өз пікірлерін білдірді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған сауалнама жүргізіліп, олар өз ойларымен бөлісті. 90 баланың ата-анасынан 57-сі қатысып, 33-і белгілі себептерге байланысты келе алмады.

Сауалнама қорытындысы бойынша:

  • 40 ата-ана – 12 000 теңгеге келісті.
  • 2 ата-ана – 10 000 теңгеге келісті.
  • 15 ата-ана – 8 000 теңгеге келісті.